- Құмсағат
- 08 Ақпан, 2025
Қазақстан құрамасы Азия ойындарының алғашқы медалін жеңіп алды

Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
IX қысқы Азия ойындарында шорт-тректен 2000 метрге аралас эстафетада ақтық сайыста күміс иеленді. Команда сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан, Малика Ермек өнер көрсетті.

365 рет
көрсетілді0
пікір