- Аймақ тынысы
- 08 Ақпан, 2025
Оралда суицид жасамақ болған қыз құтқарылды

Оралда полицейлер суицидтің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
7 ақпанда полицияға куәгерлерден Депо көпірінде бір қыздың өз-өзіне қол жұмсамақ болғаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына шұғыл жеткен патрульдік полиция қызметкерлері — Дамир Казиханов, Нұрсұлтан Иманғазин және Жәңгір Ғазизов жедел әрекет етті.
Жәңгір Ғазизов бірден қызды ұстап үлгерді, осылайша қайғылы жағдайдың алдын алды. Полицейлер оны қауіпсіз жерге шығарып, қызметтік көлікке отырғызды.
Кейін олар қызды медицина қызметкерлеріне тапсырды. Қазіргі таңда оның жағдайы тұрақты.

206 рет
көрсетілді0
пікір