Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 08 Ақпан, 2025

Көшеде жалаңаш жүгірген қостанайлық жігіт ұсталды

Полиция көшеде жалаңаш жүгіріп жүрген қостанайлық жігітті ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
19 жастағы жігіт қала көшелерінде “киімсіз марафон” ұйымдастырды. Оның әрекеті тұрғындардың наразылығын тудырып, қоғамдық тәртіпті өрескел бұзды. Әрине, полиция бұл әрекетті назардан тыс қалдырған жоқ.
Медициналық тексеріс нәтижесінде ұсталған азаматтың седативті заттар қолданғаны анықталды.
Оған ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалып, УҰИ-ға қамалды.

365 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз