- Құмсағат
- 08 Ақпан, 2025
Константин Борцов - IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері

Константин Борцов - IX қысқы Азия ойындарының күміс жүлдегері, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринт жарысына қатысқан Ұлттық құрама спортшысы Константин Борцов 2:58.28 секунд уақыт көрсеткішімен екінші орынға ие болды.
Айта кетейік, мұның алдында күміс жүлдегер атанған Жапония спортшысының ереже бұзып, жарыстан шеттетілуіне байланысты отандасымызға күміс жүлде табысталды.

498 рет
көрсетілді0
пікір