Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 09 Ақпан, 2025

Азия ойындары: Шорт-трекшілер алтын алды

Шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы Харбинде өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында алтын медаль иеленді.

Қазақстан атынан эстафеталық жарысқа Денис Никиша, Абзал Әжғалиев, Әділ Ғалиахметов, Глеб Ивченко, Мерсаид Жақсыбаев, Айбек Насен қатысты.

Бұл Қазақстан үшін осы Азия ойындарындағы алғашқы алтын медаль болды. Қазақстан финалда Жапонияны (екінші орын) және Қытайды (үшінші орын) басып озды. Ал фаворит Оңтүстік Корея командасы жарыстан шеттетілді.

Айта кетейік, Қазақстан шорт-тректен тарихта алғаш рет Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды. Харбинде шорт-трекшілер үш медаль жеңіп алды, олардың барлығын эстафеталық жарыстарда еншіленді.

492 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз