- Аймақ тынысы
- 10 Ақпан, 2025
ШҚО-да өрт кезінде 6 тұрғын эвакуацияланды

ШҚО-да өрт кезінде 6 тұрғын эвакуацияланды, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Алтай қаласындағы көпқабатты тұрғын үйдің төртінші қабатта орналасқан пәтерлердің бірінде өрт шықты. Ас үй аумағында жиһаздар, тұрмыстық техника мен жеке заттар жанып кеткен.
ТЖМ құтқарушылары 9 шаршы метр аумақтағы өртті ауыздықтады.
Қауіпті аймақтан 6 адам, оның ішінде 1 бала эвакуацияланды.

515 рет
көрсетілді0
пікір