Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Аймақ тынысы
  • 11 Ақпан, 2025

Көкшетау қаласының тұрғыны вейптерді сатқаны үшін сотталды

Көкшетауда электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатумен айналысқан азаматшаға қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.

Көкшетау қаласының тұрғыны электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) сатуға тыйым салынғанына қарамастан, оларды Көкшетау қаласының аумағында  сатқаны анықталды.

Сот үкімімен азаматша Қылмыстық кодекстің 301-1-бабы бойынша кінәлі деп танылып, оған 50 АЕК (184 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қылмыстық кодекстің 301-1-бабына сәйкес шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы үшін қылмыстық жауаптылық қарастырылған. 

588 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз