Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Безбен
  • 12 Ақпан, 2025

Алматыда Тұйық Су шатқалында визит-орталық ашылады

Алматыдағы Тұйық Су шатқалында жақында туристерге арналған заманауи визит-орталық ашылады.

Жаңа орталық қонақ үй, дәмхана, дәріхана, жабдықтар дүкені және кәдесый дүкені сынды қонақтарға жайлы жағдай ұсынбақ. Сондай-ақ, экскурсиялар ұйымдастырылып, велосипед жалға беріледі, таулы маршруттарда қауіпсіз жүріс-тұрыс бойынша дәрістер мен нұсқаулықтар өткізіледі.

Орталықтың құрылысы мен жабдықталуында экологиялық таза материалдар пайдаланылып, қалдықтарды басқару жүйесі енгізіледі, сонымен қатар, кешен аумағының тазалығы сақталады.

Жоба экотуризмді дамытуға және Алматының туристік тартымдылығын арттыруға бағытталған.

Құрылыс Almaty Business-2025 бағдарламасы аясында қаржыландырылып, 380 млн теңгеге бағаланып отыр. Орталық жыл сайын бюджетке әкелетін салық түсімі 170 млн теңге болмақ.

201 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз