Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 12 Ақпан, 2025

ТМД елдері сыбайлас жемқорлық қылмыстарын бірлесіп анықтауға келісті

Мәжіліс Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялады, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
Келісімге 2022 жылы 14 қазанда Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан және Өзбекстан елдері Астанада қол қойған. Мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ұлттық күш-жігер мен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыру.
Құжат аясында сыбайлас жемқорлық қылмыстары мен құқықбұзушылықтар санының одан әрі өсу қатерін еңсеру үшін күш-жігерді біріктіру, ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту саласындағы өзара іс-қимылды дамыту көзделген.
Келісімде сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді іздестіру мен қайтару, сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру бойынша негізгі бағыттар мен нысандар айқындалған. Бұдан бөлек арнаулы операциялар жүргізу, жедел-профилактикалық іс-шаралар қарастырылады.

Фот: t.me/mazhilis_kz

1235 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз