- Безбен
- 12 Ақпан, 2025
Қазақстандағы туризмге салынған инвестиция көлемі 20,3%-ға артты

2024 жылы елімізде туризм саласындағы негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 947,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20,3%-ға көп (787,3 млрд теңге). 2022 жылы бұл көрсеткіш 513 млрд теңгені құраған.
Инвестициялар өсімі 15 өңірде байқалды, ең жоғары көрсеткіштер тіркелген аймақтар:
- Батыс Қазақстан облысы – 196,2%-ға өсті (26 млрд тг);
- Ұлытау облысы – 84,2%-ға өсті (4,7 млрд тг);
- Қызылорда облысы – 63%-ға өсті (33,7 млрд тг);
- Түркістан облысы – 45,6%-ға өсті (81,2 млрд тг);
- Атырау облысы – 31,3%-ға өсті (23,5 млрд тг).
Бұл деректер өңірлердегі туристік инфрақұрылымның қарқынды дамып жатқанын және инвестициялық тартымдылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.
Фото: gov.kz

273 рет
көрсетілді0
пікір