Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 12 Ақпан, 2025

Киберполиция интернет-алаяқтыққа арналған жабдықтары бар шетелдіктерді ұстады

ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті ұялы байланыс операторларымен және "Қазақтелекоммен" бірлесіп, интернет-алаяқтар пайдаланатын техникалық арналарды анықтау бойынша белсенді шаралар қабылдауда, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Киберполиция қызметкерлері Көкшетау және Жезқазған қалаларының прокуратурасымен өзара іс-қимыл жасай отырып, заңсыз қызметті жүзеге асыру үшін Қазақстанға келген екі жұмыссыз шетел азаматын ұстады.

- Екі қалада жүргізілген тінту іс-шаралары барысында 128 слоттан тұратын екі sim-box құрылғысы, үш мыңға жуық sim-карта, роутерлер, маршрутизаторлар мен ұялы телефондар тәркіленді. Ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды, - деді ІІМ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Аслан Ускембаев. Жыл басынан бері алаяқтардың 10 ұяшығының қызметі тоқтатылды. 11 адам ұсталды, оның ішінде төртеуі шетелдік. 36 sim-box жабдығы, 8 мыңнан астам sim-карта, 11 компьютер, 452 usb-модем тәркіленді.

 

236 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз