- Құмсағат
- 13 Ақпан, 2025
Биатлон: Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері

Биатлоннан Қазақстан ерлер құрамасы - эстафета Азия ойындарының күміс жүлдегері болды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Санаулы сəттер бұрын Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында биатлоннан соңғы жүлде жиынтығы өз иесін тапты.
Қазақстан ерлер командасы эстафетада мәреге екінші болып жетті.
Жарыста Әсет Дүйсенов, Александр Мухин, Кирилл Бауэр, Владислав Киреев квартеті Жапонияға есе жіберді.
Фото: Нұрғали Жұмағазы

532 рет
көрсетілді0
пікір