- Айна
- 21 Ақпан, 2025
Автотұраққа ақы төлеуден босатылған мүгедектердің көлігіне айыппұл салынған
«Байқоңыр» ауданының прокуратурасы әкімшілік актілерді зерделеу аясында Астана қаласының автотұрақ аймақтарында мүгедектігі бар адамдардың көлік құралдарын тегін орналастыру құқығын бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы.
Атап айтқанда, Астана қаласының аумағында ақылы автотұрақтарды пайдалану қағидаларына сәйкес, тұрақ ақысын төлеуден босатылғандар: бала кезінен мүгедектігі бар адамдар және I және II топтағы мүгедектігі бар адамдар, «Алтын Қыран» және «Халық қаһарманы» орденімен марапатталған адамдар, көпбалалы аналар және т.б.
Алайда, мүмкіндігі шектеулі 63 адамға қатысты 524 мың теңгеге нұсқамалар шығарылғаны анықталды.
Талдау нәтижелері бойынша уәкілетті органға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.
Қазіргі таңда I және II топтағы мүгедектігі бар адамдарға қатысты нұсқамалар жойылды.
528 рет
көрсетілді0
пікір






