- Айна
- 24 Ақпан, 2025
16 өңірде ауа райы туралы ескерту жарияланды

"Қар, боран, жаңбыр жауады", - деп хабарлайды "Қазгидромет".
Солтүстікте боран соқса, Алматы, Жетісу және Түркістан облыстарында жаңбыр жауу ықтимал.
Кей аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жетеді.
Сондай-ақ түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жетісу облыстарында республикалық маңызы бар жолдардың біраз бөлігі жабылған.
Мамандар жолға шықпас бұрын 1403 нөміріне хабарласып, абай болуды ескертеді.

358 рет
көрсетілді0
пікір