Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 24 Ақпан, 2025

Биылғы Ораза айы 29 күнге созылады

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді.
«Біз Түркі мемлекеттері ұйымына қарасты Мүфтилер алқасы жанындағы Пәтуа кеңесінің және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл Рамазан айы 1 наурызда басталады», - деді Бас мүфти.

«Биылғы жылғы Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түнге сәйкес келеді.

30 наурыз – ораза айт мерекесі. Биыл Рамазан айында 29 күн ораза ұстаймыз», -  деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Фото: sknews.kz

525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз