- Құмсағат
- 25 Ақпан, 2025
Кирилл Курдиди тректегі велоспорттан Азия чемпионатының қола жүлдесін иеленді

Тректегі велоспорттан Қазақстан құрамасының спортшысы Кирилл Курдиди Малайзияда өткен Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізді.
Спортшы гит сайысында қола медаль жеңіп алды. Ол 1 000 метр қашықтықты 1 минут 0,666 секундта жүріп өтті. Жарыста жапониялық Рюто Итида жеңіске жетсе, күміс жүлдені қытайлық Ци Лю иеленді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында командалық жарыста үшінші орын алған еді.
Фото: ҰОК

6253 рет
көрсетілді0
пікір