- Айна
- 26 Ақпан, 2025
Алматы жолдарын 46 жедел бригада қадағалайды

26 ақпаннан бастап қалада жауын-шашын түседі – әуелі жаңбыр, кешке қарай жабысқақ қар 27 ақпанға дейін жауады. Түнде температура -3…-5°С дейін төмендеп, күндіз +1…+3°С болады.
Коммуналдық қызмет күшейтілген режимге көшеді. Қар жауар алдында көшелерге көктайғаққа қарсы реагенттер себіледі. Жолды күреуге 624 арнайы техника мен 1380 жұмысшы шығады.
Көктайғақтың алдын алу және оны жою мақсатында 46 жедел бригада қауіпті жол учаскелерін – еңістер, көтерілімдер және жолайрықтардың бұрылыстарын қадағалайды. Аудан әкімдіктерінде тәулік бойы бақылау жүргізіледі.
Көлік жүргізушілері жылдамдықты төмендетіп, қашықтықты арттырып, шұғыл бұрылмауы қажет.
Жаяу жүргіншілердің тротуарда сақ болғаны жөн.

240 рет
көрсетілді0
пікір