- Айна
- 26 Ақпан, 2025
Ел аумағының басым бөлігінде күн суытады - Қазгидромет

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Алдағы күндері оңтүстік циклон әсерінен ел аумағының басым бөлігінде боран соғып, қар жауады. Елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түседі.
27 ақпанда шығыста, түнде оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында, 28 ақпанда оңтүстік-батыста, 1 наурызда солтүстік-батыста қар қатты жауады.
Ел бойынша тұман түсіп, көктайғақ болады. Жел күшейеді деп болжануда.
Түнгі уақытта ауа температурасы солтүстік-батыста, шығыста, елдің орталығында 12-28 дейін, солтүстікте 15-25 дейін, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста 1-10 дейін аяз болады. Ал батыста ауа температурасының негізгі фоны 5-20 дейін төмендейді.

236 рет
көрсетілді0
пікір