Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 27 Ақпан, 2025

Алматыда тау бөктерін нығайту жұмыстары жалғасып келеді

Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданында көшкіндердің алдын алу шаралары туралы хабарлады. 2024 жылы бұл аумақта 82 учаске зерттеліп, 17 тұрақсыз аймақта нығайту жұмыстары басталды. Жұмыстар 2025 жылдың жазында аяқталады деп жоспарланып отыр.

28 учаске бойынша сараптамалық қорытынды беріліп, иелеріне ұсынымдар тапсырылды. Тағы 16 учаскеде топырақ эрозиясы мен көшкіндердің алдын алу жұмыстары жүргізілуде: қауіпті құрылымдар сүріліп, жер телімдері сатып алынып, нығайтылып жатыр.

2024 жылдың ақпанында Олимпийская көшесінде көшкіннен кейін 1 500 шаршы метр еңіс тазартылып, габиондар, жаңбыр суын ағызатын науалар орнатылып, тас төселді.

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің мәліметінше, таудағы көшкіндер құрылыс нормаларын сақтамай, бейберекет салынған ғимараттармен байланысты.

2022 жылдан бастап әкім Ерболат Досаев 15 градустан тік еңістерде құрылыс жүргізуге тыйым салды, бұл Алматының жаңа құрылыс ережелерінде бекітілген.

257 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз