- Айна
- 27 Ақпан, 2025
Құқықтанушы студенттер Бас прокуратурада болды

Бүгін Бас прокуратурада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Заң факультетінің студенттерімен кездесу өтті.
Болашақ заңгерлер қадағалау органының ғимаратын аралап көріп, прокурорлардың күнделікті жұмысымен танысты.
Бас прокуратураның Кадрлық жұмыс департаментінің өкілдері жас буынға прокуратураның функциялары мен миссиясы туралы айтып берді, сондай-ақ оларды қызметке орналасу тәртібі, прокуратура органдарындағы жұмыстың ерекшеліктері жөнінде хабардар етті.
Келешекте ел игілігі жолында қызмет ету үшін есірткі, лудомания тәрізді қауіпті кеселдерден аулақ болудың, салауатты өмір салтын берік ұстанудың, адал еңбек етудің, сонымен бірге «Адал Азамат» және «Заң мен Тәртіп» қағидаларын сақтаудың маңыздылығы атап көрсетілді.
Кездесу ашық диалог форматында өтті және оның барысында студенттер қадағалау қызметінің заңнамалық негіздері, жастар арасындағы қылмыстың профилактикасы, «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік»қағидатын іске асыру туралы сұрақтарына толық жауап алды.

474 рет
көрсетілді0
пікір