Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Ақпан, 2025

Алматыда «Көктемгі рапсодия» көрмесі ашылды

Алматыда Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы қатысушыларының бірегей көрмесі ашылды. 8 наурыз қарсаңында Орталық мемлекеттік музейде 61 жастан 84 жасқа дейінгі жандар салған 96 туынды ұсынылды.

 Көрмеде:

•⁠  ⁠Гүлді композициялар, пейзаждар, натюрморттар, абстракциялар

•⁠  ⁠Көктемнің сұлулығы мен терең философиялық мән .
Көрме шығармашылық пен өнерде жасқа шектеу жоқ екенін дәлелдейді. Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының қатысушылары үшін өнер өзін көрсету ғана емес, сонымен қатар физикалық және эмоционалды денсаулықты нығайтатын арт-терапия.

Көрменің бастамашысы – Қазақстан және Грузия Суретшілер одағының мүшесі, суретші әрі педагог Марлан Нысанбаев.

Ашылу салтанаты жарқын өтті! «Алматы әжелері» жас модельдерінің сән топтамасы мен концерті
Белсенді қатысушыларды марапаттау

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы – егде жастағы адамдар үшін денсаулық пен әлеуметтік белсенділікке арналған 40 бағыт, оның ішінде медициналық кеңестер, йога, ЕДШ, шеберлік дәрістері мен фестивальдер бар.

Көрме 2025 жылғы 9 наурызға дейін жұмыс істейді

Орталық мемлекеттік музей, Самал-1, 44

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз