Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 28 Ақпан, 2025

Астанада Қазақстанның Мемлекеттік елтаңба авторымен кездесу өтті

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Алғыс айту күніне орай Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, сәулетші, профессор Жандарбек Мәлібековпен кездесу өтті, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

Іс-шараны ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Геральдикалық зерттеулер орталығы» ұйымдастырды.

Алқалы жиынға мемлекеттік орган өкілдері, ғылыми қауымдастық мүшелері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Кездесу барысында Жандарбек Мәлібекұлының шығармашылық жолы, оның мемлекеттік рәміздерді әзірлеудегі идеялық ұстанымдары сөз болды.

Қатысушылар өз сөздерінде мемлекеттік рәміздердің ұлттық бірегейлікті нығайтудағы маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, кездесуде «Жандарбек Мәлібекұлы және Елтаңба» деректі фильмі көрсетілді.

383 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз