- Айна
- 28 Ақпан, 2025
5 наурызда елімізде телевидение мен радио уақытша өшіріледі
5 наурыз күні сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ хабарлады.
«Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады», - делінген хабарламада.

472 рет
көрсетілді0
пікір