- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 03 Наурыз, 2025
Алматыда көлемі 120 литрге дейінгі қоқыс жәшіктері орнатылады

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында қаланың санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында вандализмге төзімді қоқыс жәшіктері орнатылып жатыр.
2025 жылы 12 036 жаңа қоқыс жәшігі (80 және 120 литр) қойылады. Олар әкімдіктердің өтінімі бойынша орналастырылады.
Қазіргі қолданыстағы 40-60 литрлік контейнерлер халық көп жүретін көшелерде қоқысқа тез толып кетеді. Сондықтан оларды мына үлгілер алмастырады:
· 80 л (гиперболоидті)
– саябақтар мен скверлерде;
· 80 л (шаршы және цилиндр пішінді)
– магистральдық және қалалық маңызы бар көшелерде;
· 120 л (шаршы пішінді)
– халық көп жиналатын орындарда.
Айта кетейік, «Алматы – біздің ортақ үйіміз» атты экологиялық акция 2025 жылдың 1 наурызы мен 1 сәуірі аралығында өтеді. Оның бірінші кезеңі – «Таза көшелер» – аялдамаларды, бағдаршамдарды, жаяу жүргіншілер өткелдерін, жол белгілерін, жарықтандыру құралдарын және басқа да инфрақұрылым нысандарын тазалауды қамтиды.

479 рет
көрсетілді0
пікір