- Айна
- 04 Наурыз, 2025
Алматыда «Таза ауа» акциясы басталды

Алматыда «Таза Қазақстан» және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» бағдарламалары аясында ауаға автокөліктерден бөлінетін шығарындыларды бақылау мақсатында «Таза ауа» акциясы басталды. Ауаны ластаудың негізгі көзі – автокөлік, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Экология басқармасы мамандардың қатысуымен 19 тұрақты және 3 жылжымалы экобекеттегі бақылау күшейтілді.
2024 жылы 204 996 өлшеу жүргізіліп, 34 708 заңбұзушылық анықталды. Экобекеттердің арқасында зиянды заттардың шығарылу шегінен асатын көліктердің саны азайды (2020 жылы – 20%, 2024 жылы – 17%).
Бұл шаралар қаладағы экологиялық жағдайды жақсартуға көмектеседі.

402 рет
көрсетілді0
пікір