- Аймақ тынысы
- 04 Наурыз, 2025
Әулиекөл ауданында ағаштарды заңсыз кескендер анықталды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы прокуратурасының қызметкерлері орман қоры аумағында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында заңды құжатсыз бензин арасымен және трактормен ағаш кескен азаматты анықтады.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша азаматқа 440 013 теңге көлемінде зиян келтірген ағаштарды заңсыз кескені үшін іс материалдары сотқа жолданды;
Сот азаматты ҚК-нің 340-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 жыл мерзімге ағаш кесу қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 738 400 теңге көлемінде айыппұл салды.
Бензин арасы мен трактор қылмыс құралы деп танылып, мемлекет пайдасына тәркіленді.
Сондай-ақ, осы жылы тағы екі азамат ағаштарды заңсыз кескені үшін сотталып, оларға 1 жыл мерзімге ағаш кесу қызметімен айналысу құқығынан айыра отырып, 923 000 теңге және 738 400 теңге көлемінде айыппұл салынды. 2 дана бензин арасы мемлекет пайдасына тәркіленді.
«Заң мен Тәртіп» қағидасына сәйкес орман шаруашылығы кәсіпорындарының бірінші басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

641 рет
көрсетілді0
пікір