- Безбен
- 06 Наурыз, 2025
Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне Амангелді Исенов тағайындалды

Парламент Сенатының жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі қызметіне Амангелді Исенов тағайындалды.
Палата депутаттары дауыс беру арқылы А.Исеновтың кандидатурасын қолдады.
Ол 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді.
2004 жылдан бастап квазимемлекеттік сектор құрылымында экономика және қаржы мәселелері бойынша басшылық қызметтерді атқарған және бұған дейін Еуразиялық даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстан Даму банкінің басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

306 рет
көрсетілді0
пікір