- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 06 Наурыз, 2025
Аида Балаева Мәжіліс ғимаратында журналистпен болған оқиғаға қатысты пікір білдірді
ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Мемлекеттік органдар мен журналистердің өзара тиімді жұмысына, этика және мәдени қарым-қатынасына тоқталып, Мәжілісте журналист Мадина Жатқанбаеваға қатысты орын алған оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kazgazeta.kz.
"Мемлекеттік органдар ұйымдастыратын іс-шараларда журналистер белгіленген аккредитация талаптары мен регламентті қатаң сақтау қажет екенін естен шығармағаны жөн.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілер де бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне құрметпен қарап, олардың кәсіби қызметіне кедергі келтірмеуге тиіс", - деді министр.
Сонымен қатар, министрлік алдағы уақытта мемлекеттік органдардың барлық баспасөз қызметтерімен бірлескен жиын ұйымдастырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимыл тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарды күшейтетінін атап өтті.
Ақпарат комитеті де конструктивті диалог орнату бойынша жұмыстарды жандандырады.
553 рет
көрсетілді0
пікір






