Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 06 Наурыз, 2025

Алматыда заңсыз орнатылған нысандар сүріліп жатыр

Алматыда мемлекеттік қор жерлерінде заңсыз орналасқан стационарлық емес сауда нысандарын (СЕСН) жаппай сүру жұмыстары жалғасып отыр, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бостандық ауданында фастфуд дүңгіршектері алынып тасталды, сондай-ақ Байтұрсынов көшесіндегі екі стационарлық емес сауда нысаны электр желісінен ажыратылды. Қазақфильм және Орбита-4 шағын аудандарында 49 дүңгіршек пен 59 силомер сүрілді.
Ақпан айының басынан бері қалада 300-ден астам заңсыз нысан, оның ішінде тұрғындарға кедергі келтірген 222 шуы көп силомер жойылды.

Қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен жүргізіліп жатқан бұл шаралар қалалық ортаны жақсартуға бағытталған. Тұрғындар бұл қадамды қолдайды, себебі көше дүңгіршектері мен ойын автоматтары көбінесе тротуарда орналасып, санитарлық нормаларды бұзады және шу тудырады. Қалған 210 нысан 15 наурызға дейін бұзылады.

376 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз