Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Наурыз, 2025

Алматылық әйелдер Президент атынан мемлекеттік награда алды

Алматылық әйелдер Президент атынан мемлекеттік награда алды, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Алматы әкімі Ерболат Досаев Мемлекет басшысы атынан қала тұрғындарына мемлекеттік наградалар табыстады.

«Құрмет» орденімен марапатталғандар:

Зайда Жайсанова – қазақ мектептерінің дамуына және неміс тілін оқытуға үлес қосқан еңбек ардагері.
Татьяна Лесова – спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, жоғары санатты жаттықтырушы, КСРО чемпионы және Олимпиада жүлдегері.

Қала кәсіпорындарындағы еңбегі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалі:

Ольга Дрофа – «Алматыжылукоммунэнерго» кәсіпорнының
химиялық су тазарту жөніндегі маманы.
Ирина Хасанова – «ALMATY MAI» зауытының цех басшысы.
«Шапағат» медалімен 30 жылдан астам уақытын әлеуметтік жұмысқа арнаған, есту қабілеті бұзылған жандарды қолдау қорының жетекшісі Аманбике Ерғалиева марапатталды.

392 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз