Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 07 Наурыз, 2025

Халық санындағы әйелдер үлесі 51,1%

Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адамды құрайды, бұл еліміздегі жалпы халық санының 51,1%. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлайды.

Соңғы он жылда әйелдер саны 15,2% өсті.
Әйелдердің 64,4% қалаларда, 35,6% – ауылдық жерлерде тұрады.
Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана.
Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған – 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны  37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өскен.
Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 млн 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны 5,3 млн және 60 жастан асқан апалар саны 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы 34,1 жасты құрайды.
Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.

Фото: adyrna.kz

481 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз