Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 09 Наурыз, 2025

8 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды

2025 жылғы 09 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша 7 облыстағы 8 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Абай облысы:
- «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 615-778 шақырым аралығы (Аягөз қ. – Жетісу облысының шекарасы).
-  «Таскескен – Бақты – ҚХР шекарасы» автожолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен а. бұрылысы «Алматы – Өскемен» автожолынан – Үржар а.).
Атырау облысы:
-
"Атырау-Орал" автожолының 5-62 шақырым аралығы (Атырау қаласы - Махамбет ауылы);

- «Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы» 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысының шекарасы – Ұлан а. бұрылысы).

Жетісу облысы:
-
"Алматы - Талдықорған - Өскемен - Шемонаиха - РФ шекарасы" автожолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).

Қарағанды облысы:
-  "Астана-Қарағанды-Алматы" автожолының 1505-1854 шақырым аралығындағы учаскесінде (Атамекен ауылынан Балқаш қаласына дейін)

Қостанай облысы:
-  "Жезқазған-Петропавл" автожолының 252-340 шақырым аралығындағы учаскеcінде (Ұлытау облысы шекарасынан Арқалық қаласына дейін); 

Ұлытау облысы:
- "Жезқазған-Петропавл" автожолының 137-252 шақырым аралығындағы учаскесі (Ұлытау ауылынан Қостанай облысының шекарасына дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 243 арнайы техника мен 322 маман жұмылдырылды.

525 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз