- Аймақ тынысы
- 09 Наурыз, 2025
Жеке тұрғын үйде өрт сөндірілді

ТЖМ өрт сөндірушілері жеке үйдегі өртті сөндірді.
Бүгін таңертең Шымкент қ. Юсуф-ата көшесі бойындағы бір қабатты жеке тұрғын үйде өрт шықты. Өрт салдарынан жеңіл көлік жойылды.
Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт үш сағат ішінде 650 ш. м. алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Оқиға орнында анықтаушылар мен өрт сынақ зертханасы жұмыс істеуде. Өрттің шығу себебі анықталуда.

1444 рет
көрсетілді0
пікір