Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 09 Наурыз, 2025

Елордалық полицейлер көпірден секірмек болған қызды құтқарып қалды

102 арнасы арқылы кезекші бөлімге “Архар” көпірінде бір қыздың тұрғаны туралы хабар түсті. Бойжеткеннің ойланбай әрекет жасауы мүмкін деген күдік болды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға орнына дереу патрульдік полиция қызметкерлері жіберілді.
Жағдайды патрульдік полиция полкінің инспекторлары полиция капитаны Дулат Идрисов пен полиция аға лейтенанты Жалғасбек Абдуалиев бақылауға алды. Олар еш кідірместен автокөліктен түсіп, қызбен сөйлесуге кірісті. Полицейлер оны сабырға шақыруға тырысты.
Белгілі болғандай, 16 жастағы қыз туыстарымен ұрысып, эмоциялық күйзеліс салдарынан көпірден секірмек болған.
Тәртіп сақшыларының тактикалық әрекетінің арқасында қайғылы оқиғаға жол берілмеді.
Кейіннен ол ата-анасына тапсырылып, қажетті психологиялық көмек көрсетілді.

342 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз