Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Шартарап
  • 10 Наурыз, 2025

Халықаралық көрмеде Маңғыстау облысы бірқатар келісімшарт жасасты

Маңғыстаулық делегация ITB Berlin Халықаралық туристік форумы аясында Еуропа мен Азияның жетекші туристік компанияларының өкілдерімен нәтижелі кездесулер өткізді, - деп хабарлайды otpannews.kz.

Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлағандай, кездесу барысында өңіріміздің туристік әлеуетін ілгерілету, ынтымақтастық перспективалары және туризм саласындағы бірлескен жобалар жасау мәселелері талқыланған.

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев Германияның “Herzlich Willkommen” туристік компаниясының басшысы Томас Мурмен және Тәуелсіз саяхатшылар альянсы, қаржы жөніндегі вице-президент Винфрид Шульцемен кездесіп, Неміс туроператорларымен әріптестік, іскерлік қарым-қатынас орнатып, бірлескен жобалар жасауға уағдаласқан.

Ал, Маңғыстаулық туроператорлар Қытай, Түркия, Мальта, Италияның ірі компанияларымен келіссөздер жүргізіп, бірқатарымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты — Маңғыстаудың туристік әлеуетін халықаралық  нарыққа шығару.  Шетелден туристерді тарту үшін жаңа маршруттар әзірлеу және бірлескен туристік өнімдерді құру.

1541 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз