Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 10 Наурыз, 2025

Астанада күндіз қар күреуге 1600-ден астам арнайы техника шығарылды

Елордада соңғы күндері қалың қар жауды. Қар тазалау жұмысы тәулік бойы жалғасуда. Коммуналдық қызметтер үздіксіз күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
10 наурыз күні таңертеңнен бері Астанада 2600-ге жуық жол қызметкері мен 1645 арнайы техника қар тазалауға шықты.
Наурыздың 10-на қараған түні коммуналдық қызмет 2726 ауыр жүк көлігімен қаладан 38 524 текше метр қар шығарды.
Қыс мезгілінің басынан бері 570 454 ауыр жүк көлігімен қаладан 7,1 миллион текше метрден астам қар шығарылды.
Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы өте қарқынды орындар тазартылады. Сондай-ақ, қарқындылығы орташа учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. тазартылады.
Орталық көшелерді, жолаушылар көлігі маршруттары жүретін орындарды, аялдамалар мен тротуарларда тазалау да басымдыққа ие.
Қалада бірнеше жабдықталған қар полигоны бар. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.

294 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз