- Безбен
- 11 Наурыз, 2025
«Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметі тоқтады

ҚМА Бас прокуратураның үйлестіруімен «Asar Baspana» қаржы пирамидасының қызметін тоқтатты.
Ол тұтынушылық кооператив ретінде жасырынып жұмыс істеген.
Тергеу барысында Туғанбаев Н.М. бастаған пирамида ұйымдастырушылары, 86 мыңнан астам азаматтан 12,4 млрд теңге тартқан, есесіне ай сайын 30%-ға дейін табыс уәде еткен.
Шын мәнінде, нақты бизнес болмаған, төлемдер жаңа қатысушылардың салымдары есебінен жүзеге асырылған.
Нәтижесінде Туғанбаев пен оның серіктестері 3,8 млрд теңге қаражатты заңсыз иеленген.
Күдіктілер салымшыларды адастырып, Алматы қаласында құрылыс материалдарын өндіру, тігін цехы мен тұрмыстық және медициналық техника зауыты жұмыс істеп жатқандығын мәлімдеген. Шындығында, өнімдер үшінші тарап жеткізушілерінен сатып алынып«Asar Baspana» логотипімен таңбаланған.

364 рет
көрсетілді0
пікір