Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 11 Наурыз, 2025

Астанада Діни бірлестіктер өкілдерінің отырысы өтті

Бүгін Бейбітшілік пен келісім сарайында Діни бірлестіктер өкілдерінің отырысы өтті, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

Іс-шараға МАМ өкілдері, Конфессияаралық және дінаралық диалог халықаралық орталығының басшылығы және Қазақстанда тіркелген діни бірлестіктер өкілдері қатысты.

Отырыс барысында қатысушылар дін саласына қатысты заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы ақпарат алды.

Сонымен қатар мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара байланысы, қоғамдағы дәстүрлі құндылықтар мен рухани келісімді нығайтудың басқа да өзекті мәселелері талқыланды.

Жиналыста сөз сөйлеген спикерлердің айтуынша, бұл іс-шараға азаматтардың ұлты мен дініне қарамай қатысуы – барша Қазақстан халқының рухани келісімінің үлгісі.

Діни бірлестіктердің өкілдері дәстүрлі құндылықтарды сақтау мен нығайтудың маңызын ерекше атап өтті.

Кездесу соңында Бейбітшілік пен келісім сарайы музейінде қатысушыларға арналған экскурсия ұйымдастырылды.

398 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз