Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 12 Наурыз, 2025

Жыл басынан бері 97 мың адам жұмыспен қамту шараларына тартылды

2025 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 97 мың қазақстандық қатысты. 101,2 мың адам жұмыспен қамтылды, оның 30,2 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 71 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 5,3 мың адам, жастар практикасында 3,2 адам, қоғамдық жұмыстарда 56,4 мың адам, «Күміс жас» жобасы аясында 6,1 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бойынша 41 жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 18,8 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 17,6 мыңы оқуды аяқтады.

Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 6,8 мың адам қамтылды, оның ішінде 3,7 мың адам оқуды аяқтап, сертификаттар алды.

Жұмыс берушілердің сұранысы бойынша кәсіптік оқытуға 49 адам жіберілді.

Қызмет саласын таңдау мақсатында кәсіптік орталықтарда 63,7 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтіп, кеңес беру қызметтерін алды.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2025 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК дейінгі (1 572 800 теңге) мөлшерде жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 9 мың грант беру көзделген.

Фото: ашық дереккөзі

222 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз