- Айна
- 13 Наурыз, 2025
ТЖМ көктемгі кезеңдегі қар көшкіні туралы ескертеді

Республика аумағында көшкін қаупі бар 619 учаске бар. Шығыс Қазақстан, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының аумақтарындағы Қазақстан Алтай, Іле, Жетісу, Талас Алатауы мен Қаратау жоталарының беткейлері аса қауіпті аудандар болып табылады, деп хабарлайды ТЖМ баспасөз қызметі.
Көшкін белсенділігі күшейген кезде ең қауіпті кезеңдер қыстың басы мен көктемнің басы болып саналады.
Ең қауіпті аймақтарда тұрғындар мен туристер үшін тәуекелдерді азайту мақсатында алдын алу шаралары, соның ішінде қар көшкінінің алдын алу шаралары жүргізілді.

229 рет
көрсетілді0
пікір