Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 13 Наурыз, 2025

Демалыс күндері елордада ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Елордада 15-16 наурыз күндері қалалық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.
Жәрмеңкеге Қазақстанның әр өңірінен келген жергілікті фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөністер мен жемістерді, ет, ұн және сүт өнімдерін, нан өнімдерін, табиғи шырындарды, консервілерді және т.б. сатып ала алады.
Іс-шара 15 және 16 наурыз күндері сағат 10.00-ден 22.00-ге дейін Нұрғиса Тілендиев даңғылы, 12а мекенжайындағы «Көктал» сауда ойын-сауық орталығында өтеді.

246 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз