- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 13 Наурыз, 2025
Бурабайда Ұлттық құрылтай бастамаларының жүзеге асырылу нәтижелері талқыланды

Құрылтай мүшелері биылғы жылдың маңызды оқиғалары ретінде Мемлекеттік егемендіктің 35 жылдығын, Конституцияның 30 жылдығын, Ұлы Жеңістің 80 жылдығын және Абайдың 180 жылдығын ерекше атап өтті.
Сонымен қатар, құрылтай мүшелеріне Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Президент Қ.Тоқаевтың энергетика, көлік, тұрғын үй құрылысы және газдандыру салаларындағы кең көлемді инфрақұрылымдық бастамаларын іске асыру нәтижелері туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, өткен жылы 2029 жылға дейінгі Ұлттық инфрақұрылымдық жоспар қабылданды. Оның аясында жалпы құны 40 трлн теңгеден асатын 200-ден астам жоба іске асырылмақ.
Секция жұмыстары өнімді диалог форматында өтті, ұлттық құрылтай мүшелері өздерінің жаңа бастамаларын әріптестерімен және мүдделі мемлекеттік органдармен тікелей талқылады.
Жалпы, жұмыс секцияларының қатысушылары Ұлттық құрылтайдың үш жыл ішінде идеяларды ұсыну және қоғамның бірлігін нығайтуға бағытталған стратегиялық қадамдарды қалыптастырудың басты институтына айналғанына тоқталды.

609 рет
көрсетілді0
пікір