Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Айна
  • 14 Наурыз, 2025

«Ұлан» газетіне 95 жыл!

Бүгін «Ұлан» газетінің жарыққа шыққанына 95 жыл толды, деп хабарлайды kazgazeta.kz.

«Ұлан» – балалар мен жасөспірімдерге арналған республикалық газет.

Газет 1930 жылы 14 наурызда «Жас Алаш» газетінің 5-6 беттерінде газет ішіндегі газет болып алғаш жарық көрді. Алғашқы атауы «Пионер» болды.

1930 жылы 5 қарашада «Пионер» газеті Алматы қаласының Гоголь көшесіндегі №9 үйге өз алдына дербес басылым болып бөлініп шықты.

1937 жылдың наурыз айынан газет «Октябрь балалары» деген атаумен шыға бастады.

1941 жылғы 28 маусымдағы санынан кейін соғыс жағдайына байланысты уақытша жабылды.

1946 жылы 9 мамырда «Қазақстан пионері» деген атаумен қайта жарыққа шықты.

1980 жылы 14 наурызда шыға бастағанына 50 жыл толуына орай және жас ұрпаққа саналы тәрбие беру жолындағы еңбегі ескеріліп, «Қазақстан пионері» газеті «Құрмет орденімен» марапатталды.

1990 жылдан бастап «Қазақстан пионері» газетінің атауы «Ұлан» болып өзгерді.

«Ұлан» газеті 2002 жылы Қазақстан Республикасы Журналистика академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығын «Балалар басылымы» номинациясы бойынша иеленді.

Газеттің 95 жылдық тарихында 24 редактор басқарған. Олар: 

1. Ахмет Нұралин (1930 - 1932 жж) 

2. Сақтаған Бәйішов (1932 – 1934 жж) 

3. Несіпбай Манашев (1934 – 1935 жж) 

4. Сабыр Ілиясов (1937 – 1938 жж) 

5. Бәкібай Бейісов (1938 – 1939 жж)

6. Рамазан Амангелдиев (1939 1940 жж) 

7. Әли Есмәмбетов (1940 – 1941 жж) 

8. Жұмаш Қонақбаев (1946 – 1948 жж) 

9. Ғалым Хателов (1948 1954 жж) 

10. Кемел Тоқаев (1954 – 1956 жж)

11. Мұқан Мамажанов (1956 – 1958 жж)

12. Сансызбай Сарғасқаев (1958 – 1961 жж)

13. Әбілфайыз Ыдырысов (1961 – 1965 жж)

14. Сейдахмет Бердіқұлов (1965 – 1970 жж)

15. Фариза Оңғарсынова (1970 – 1977 жж)

16. Бейбіт Қойшыбаев (1977 – 1980 жж)

17. Уәлихан Қалижан (1980 – 1986 жж)

18. Бейсенбай Сүлейменов (1986 – 1989 жж)

19. Ғалым Доскен (1989 – 1991 жж)

20. Сұлтан Қалиұлы (1991 – 2008 жж)

21. Есей Жеңісұлы (2008 – 2012 жж)

22. Бағдат Мәжит (2012 – 2014 жж)

23. Жұлдыз Әбділда (2015 – 2018 жж)

24. Жадыра Нармаханова (2018 жылдан бастап қазірге дейін)

 

«Ұлан» газеті қазақ журналистикасының ұстаханасы десек те болады. Оқушы кезден жазған балалар «жас тілші» куәлігін алып, журналистика саласына қадам басады. «Ұланның» жас тілшісі атанғандар қазіргі кезде еліміздің барлық  және бірнеше  халықаралық ақпарат құралында қызмет етеді.

3713 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз