Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • Құмсағат
  • 14 Наурыз, 2025

Еуропа лигасы: Ширек финалға қай командалар шықты

 Футболдан Еуропа лигасы және Конференция лигасы ширек финалына жолдама алған командалар белгілі болды.

Енді Еуропа лигасы ширек финалында «Лацио» (Италия) мен «Бодо-Глимп» (Норвегия), «Айнтрахт» (Германия) мен «Тоттенхэм Хотспурс» (Англия), «Атлетик» (Испания) мен «Лион» (Франция) шеберлік байқасады.

Ал Конференция лигасында «Ягеллония» (Польша) мен «Бетис» (Испания), «Фиорентина» (Италия) мен «Целе» (Словения), «Легия» (Польша) мен «Челси» (Англия), «Рапид Вена» (Аустрия) мен «Юргорден» (Швеция) кездеседі.

Ширек финал ойындары 10 және 17 сәуір күндеріне белгіленген. Ал жартылай финал 1 және 8 мамыр күндері өтеді.

Финал Польшаның Вроцлав қаласындағы «Тарчиньски Арена» стадионында өткізіледі.

 

2155 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз