- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 14 Наурыз, 2025
Риддерде жұмыс уақыты бір сағатқа кері шегерілді

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласында жұмыс уақыты енді сағат 08.00-де басталады.
Кеншілер шаһарында мемлекеттік мекемелер, кәсіпорындар және әлеуметтік қызметтер үшін жұмыс кестесі өзгерді. Енді жұмыс күні сағат 08:00-ден 17:30-ға дейін жалғасады. Ал түскі үзіліс 12:00-ден 13:30-ға дейін белгіленді.
Демек, осындай жаңашылдық облыстағы 13 қала, ауданның 12-сінде енгізілді. Бұл бастама еңбек үдерістерін оңтайландыруға және аймақтың климаттық жағдайларын ескере отырып, жұмыс тиімділігін арттыруға бағытталған. Алайда бұл өзгеріс мектептердің, балабақшалардың және медициналық мекемелердің жұмысына әсер еткен жоқ.
Риддер қаласы әкімінің орынбасары Болат Акужанов жаңа жұмыс кестесі тұрғындармен мұқият талқыланғанын атап өтті.

113 рет
көрсетілді0
пікір