- Безбен
- 14 Наурыз, 2025
Алматы қаласының әкімі Беларусь Республикасының елшісімен кездесті

Алматыда қала әкімі Ерболат Досаев Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Алексей Богдановпен кездесті.
Қала басшысы Алексей Богдановты жақында дипломатиялық қызметке тағайындалуымен құттықтап, Алматы мен Беларусь Республикасы арасындағы ұзақ мерзімді достық қатынастарға негізделген жоғары деңгейдегі ынтымақтастығын атап өтті.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастық, атап айтқанда, сауда-экономикалық байланысты дамыту, инвестициялық өзара әрекеттестік және мәдени-гуманитарлық алмасу мәселелері талқыланды.
Кездесу соңында тараптар өзара іскерлік делегацияларды жіберу, сауда-экономикалық, инвестициялық және ғылыми-білім беру ынтымақтастығын жандандыру туралы келісті.

536 рет
көрсетілді0
пікір