Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 14 Наурыз, 2025

Тоқаев: Фильмдерді кинотеатрға шығармас бұрын сүзгіден өткізу қажет

Енді фильмдер кинотеатрға шықпас бұрын алдын ала сүзгіден өтуі мүмкін. Қасым-Жомарт Тоқаев қазір кинотеатрда көрсетілетін фильмдерге қатысты қоғамдық сын бар екенін баса айтты.

«Былтыр қазақстандық мамандар түсірген 94 фильм шыққан, яғни, негізінен өзіміздің өнім шығарылып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Бірақ біз ең алдымен санға емес, сапаға көңіл аударуымыз керек.

Бүгінде фильмдердің басым көпшілігі мемлекеттік тапсырыспен емес, жеке қаржыға түсірілуде. Кино маңызды идеологиялық құрал екенін бәріміз жақсы түсінеміз. Сондықтан жеке қаржыға түсірілсе де, фильмді кинотеатрға шығармас бұрын алдын ала сүзгіден өткізу жолдарын қарастырған жөн», - деді Президент.

Сондай-ақ мультфильмдер мәселесі де назардан тыс қалмады.

Президент жақында шыққан «Шоқан. Қашқария сапары» деген мультфильмге өте жақсы туынды деп баға берді.  Ол қазақ тілінде ұлттық нақышта түсірілген осындай мультфильмдер көп болуы қажет екенін айтты.

«Бұл – ұлт болашағына тікелей ықпал ететін мәселе. Сондықтан анимацияны дамыту мәселесін қолға алу керек», - деді Мемлекет басшысы.

Фото: ашық дереккөзі

235 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз