Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Наурыз, 2025

Ақтөбе облысында уақытша өткелді су шайып кетті

Ақтөбе облысының Ойыл ауданындағы Ойыл өзені арқылы салынған уақытша үйінді өткелді қар суы шайып кетті. Бұл туралы Ойыл ауданы әкімдігі хабарлады.

Бұл өткел былтырғы су тасқынынан зардап шеккен негізгі көпір жөнделіп біткенше тұрғындардың қатынасы үшін пайдаланылған еді.

Қазіргі уақытта қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр, өткел бір тәуліктің ішінде қайта ашылуы тиіс делінген хабарламада.

Фото: дереккөзден алынды

253 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз