- АҚПАРАТ АҒЫНЫ
- 15 Наурыз, 2025
Енді халыққа қызмет көрсету орталықтарында жеке менеджер ала аласыз

2025 жылы еліміздің барлық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында «МХҚКО жеке менеджері» сервисі іске қосылды. Аталған сервис қызмет алушыларды кезексіз қабылдауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды otpannews.kz.
Жеке менеджер сервисін қолдану үшін МХҚКО ресепшніне жүгіну керек. Ол азаматтарды кезектен тыс қабылдап, көлік құралдарын тіркеу, есепке қою және есептен шығару, мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін беру секілді қызметтер бойынша құжаттарды рәсімдейді.
Қызмет түрі таңдалғаннан кейін жеке менеджер қажетті құжаттарды толтырып, келісім-шартты әзірлейді және оларды уәкілетті мемлекеттік органға жалпы тәртіппен жолдайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» – азаматтармен өзара әрекеттесу сапасын, жылдамдығын және тиімділігін үздіксіз арттыруға басымдық беретін және қызмет алушыларға бағдарланған ұйым. Азаматтардың жедел қызметке сұранысын ескере отырып, біз 2024 жылы «Жеке менеджер» қызметін алғаш рет Қазақстанның төрт қаласында пилоттық режимде іске қостық, ал 2025 жылдан бастап аталған сервис елдегі барлық МХҚКО-ларда енгізілді», – деп атап өтті «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Арман Кенжеғалиев.
Айта кетейік, «МХҚКО жеке менеджері» сервисі алғаш рет пилоттық жоба ретінде Астана, Алматы, Шымкент, Орал қалаларында енгізілді. Жарты жыл ішінде жоба өзінің тиімділігін дәлелдеп, ел ішінде қолдану аясы кеңейтілді.
Фото: дереккөзден алынды

318 рет
көрсетілді0
пікір