Тікелей эфир
Тікелей эфир
МАҢЫЗДЫ
  • АҚПАРАТ АҒЫНЫ
  • 15 Наурыз, 2025

ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева өмірден озды

«Бүгін әріптесіміз, ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаеваның өмірден озғаны туралы қаралы хабарды естіп, қабырғамыз қайысып отыр», - деп жазды өзінің facebook-парақшасында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.

Министрдің мәліметінше, марқұм өзінің еңбек жолын бастауыш сынып мұғалімі болып бастады. Әр жылдары мектеп директоры, Қызылорда қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім департаментін басқара отырып, мектепке дейінгі және орта білім беруді дамытуға елеулі үлес қосты.

«Ол білім жүйесін жетілдіруге және балалардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасауға ерекше назар аударды.

Білім беру саласының осындай білікті мамандарының ортамыздан кетуі - орны толмас өкініш. Наталья Васильевнаның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деді министр Ғани Бейсембаев.

Фото: ашық дереккөзі

373 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз